Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптесінің сұрағына қабағын түйген журналист күлкіге қалды (видео)

Сұрақ қойып жатқан әріптесіне қабағын түйіп, жақтыртпаған түр танытқан журналист желіде қызу талқыға түсті. Тіпті, журналистің эмоциясы желі қолданушылары арасында күлкіге айналды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қытайда мемлекеттік телеарналардың бірінде өтіп жатқан эфирде журналист эмоциясын жасыра алмады.

Yicai атты қаржы саласындағы ірі БАҚ-тың репортері Лян Сяньи ұлттық қытай халықтық конгресінде сұрақ қойып жатқан әріптесінің алдында тұрып қабағын түйген. Видеода оның артындағы журналистке қарап, жақтыртпаған түр танытқаны да анық көрінеді.

Тексерілмеген мәліметтерге сәйкес, осы әрекеті үшін журналисті жұмысынан шығарып жіберген. 

Оның бұл экоциясы желі қолданушылары арасында да күлкіге айналды.

Сол кездегі әріптесінің сұрағы үкіметтің ресми өкілі Сяо Яцин туралы және оның 2018 жылға жоспарлары туралы болған. 

Желі қолданушыларының жазуынша, журналистің жақтыртпау себебі, сұрақтың тым ұзақ болғандығынан шығар.

Тағы оқыңыз:

Ерлі-зайыптылар танысқанға дейін 11 жыл бұрын бірге түскен суреттерін тауып алды

Мамандар смартфонды қалай дұрыс қуаттау керегін айтты

Әйгілі физик өзінің өлімінен екі апта бұрын адамзаттың жойылатынын болжады

Тері түсі екі түрлі боп туған егіз ұлдарға ата-анасы үйренісе алмай жүр

 

Талқылау