Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әріптесіне қол көтермек болған": Атышулы актер Асқар Жұмабектің басы тағы да дауға қалды (видео)

Фото: instagram.com/@askarzhumabeqov

Бұрын сотты болған актер Асқар Жұмабектің басы тағы да дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актердің әріптесі модель Айнұр Нарзиева Threads желісінде 20 наурыз күні өзіне актер Асқар Жұмабектің шабуыл жасамақ болғанын айтып, видео жариялады. Жазба авторының айтуынша, сол күні сағат 10:00-ге түсірілім жоспарланған. Асқар Жұмабек әріптесінен өзін таңертең ерте оятуды сұраған көрінеді.

“Оны жақсы білетіндіктен, мен 08:30-дан бастап (менің міндетіме кірмесе де) телефон соғып, оята бастадым. Екі рет қоңырау шалдым, екінші ретінде көтерді де, оянғанын айтты. Содан кейін 09:18-де тексеру үшін тағы бір рет қоңырау шалдым, түсірілімге ұйықтап қалып, кешігіп қалмайтынына көз жеткізу үшін”, – дейді жазба авторы. 

"Жауыма да тілемеймін": Абақтыдан шыққан Асқар Жұмабек жан сырын ақтарды

Сот 6,5 жылға абақтыға қамалған актер Асқар Жұмабектің қалай бір жылда бостандыққа шыққанын түсіндірді


Нарзиеваның айтуынша, Асқар сағат 09:55-те түсірілім алаңына келіп бірден ашулы түрде оны тым ерте оятқанына шағымданған.

"Мен оған: “Бастамаңызшы, Асқар, мен сіз түсірілімді өткізіп ала ма деп қорықтым, бұл бірінші рет емес” деп жауап бердім. Осы сөздер оның қатты ашуын туғызып, әңгіме физикалық күш көрсетуге ұласып кетті", – дейді бойжеткен.

Сонымен қатар жазбада ер адамның агрессивті мінезін басқа команда мүшелері де растай алатыны айтылған. Айнұр Нарзиева жанындағы әріптестерінің арқасында актердің соққысынан аман қалғанын айтады.

Еске салсақ, актер Асқар Жұмабек Алматыдағы мейрамханада атақты олигархтар Бахарадин Әбләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарымен төбелесіп, 6,5 жылға сотталған еді. Алайда актер бір жылдан соң мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Сот оның жазасының өтелмеген бөлігін жеңілірек жазаға ауыстырды. Осылайша оның айыппұлмен ауыстыру туралы өтінішін қарастырып, шешім қабылдаған.

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Наурыз, 2026 21:01