Арықтау үшін қандай жеміс-жидек жеуге болмайды: Маман айтып берді
Нутрициолог Евгения Дегтянникова арықтау кезінде ас мәзіріне қандай жеміс-жидек қосуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
"Гликемиялық индексі жоғары: банан, қарбыз, манго, жүзім, құрма сияқты жеміс-жидек жеуге болмайды. Сондай-ақ күніне екі жемістен артық жемеген жөн, тіпті, біреу де жеткілікті", - деді Дегтянникова.
Гликемиялық индекс – тамақ жегеннен кейін глюкозаның қанға жету жылдамдығы. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, глюкоза қанға соғұрлым тез жетеді. Кейін оның көрсеткіші күрт көтеріледі.
"Бұл гликемиялық индекс глюкозаны жасушаға жіберетін негізгі гормон – инсулинді түзу мүмкіндігін көрсетеді. Соның арқасында біз энергия аламыз", – деп түсіндірді нутрициолог.
Сондықтан артық салмақтан арылу кезінде тәтті жемістерді шектеу қандағы триглицеридтердің төмендеуіне әкеледі. Олардың жоғары деңгейде болуы қант диабетімен және метаболикалық синдроммен байланысты.
Маманның айтуынша, бүйрек бездерін әлсіреген жағдайда қант гипогликемия тудыруы мүмкін.