"Арғы жағадан үйректерді көрмек болып суға кетті": Ақтөбе облысында 4 адамның қазасының жай-жапсары айтылды (видео)
Ақтөбе облысында 4 адам суға батып қаза тапты. Ққайғылы оқиға 3 тамызда облыс орталығы Әйтеке би ауданындағы Т.Жүргенов ауылынан 2 шақырым жерде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: baikal24.ru
Ресми мәлімет бойынша, Ырғыз өзеніне бірден 13, 11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқармақ болған 39 жастағы ер адам батып кетті. Суға батқандардың екеуі оның балалары, үшінші бала туысының қызы.
5 тамызда Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.
"3 тамызда Әйтеке би ауданындағы Темірбек Жүргенов ауылында 4 адам - 13, 11, 7 жастағы балалар мен 1985 жылы туған ер адам суға батып кетті", – деді Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Иса Байтұрсынов.
Иса Байтұрсыновтың сөзінше, мәйіттер кешке қарай табылған.
"112-ге қоңырау 15:39-да түсті. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Мәйіттер 19:55 пен 21:55 аралығында табылды. Тексеру нәтижесінде Атырау облысынан 39 жастағы ер адам 13 жастағы ұлы мен 7 жасар қызын ертіп туысқанына қонаққа келгені белгілі болды. 3 тамызда ол туысының 11 жасар қызы және балаларымен ауылдан 2 шақырым жердегі Ырғыз өзеніне демалуға барған. Жағаның арғы жағындағы балалар жабайы үйректердің жүзіп жатқанын көріп, оларға баруды ұйғарып, суға түсіп, бата бастаған. Атырау облысынан келген қонақ балаларды құтқаруға асығып, суға түскен. Туысы оның артынан суға түсіп, оны төменге тарта бастаған соң, жағаға шығып, құтқарушыларға хабарлаған. Ол жердегі ағыс қатты емес, бірақ өзенде қатты жел соғып тұрды. Мәйіттер жағадан 20 метр қашықтықта 2-3 метр тереңдіктен табылды. Бұрынғы жылдары бұл жерде адамдар жүзген шығар, бірақ биыл су тасқынынан кейін түбінде ойпаңдар пайда болған", – деді ол.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақтөбе облысында 2024 жылдың мамыр айынан бері 11 адам суға кеткен, оның 5-і бала. Өткен жылы 11 адам суға кетті, оның ішінде 9 бала.
Иса Байтұрсынов 4 адам суға батқан жерге жағажай рұқсат берді ме деген сұраққа жауап бермеді. Оның айтуынша, тергеу суға батқандардың қай жерде жүзгенін анықтауы керек. Әйтеке би ауданында барлығы 4 коммуналдық жағажай болса, оның бірі Т.Жүргенова ауылында. Бұл аумақтың ресми жағажайға жататындығы нақтыланып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтардан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда екі бала суға батып, көз жұмған еді.