Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбаға таңылған орыс баласы Қайрат Нұртастың әндерін жатқа айтып тамсандырды (фото)

Бүгін Алматы қаласында психологиялық ауытқуы бар жандар жұмыс істейтін дәмхана ашылды. Аталған дәмхана мүгедек жандарды қоғаммен етене араластыруға бағытталған. «Маған  мерекелік шараларда ән айтқан ұнайды. Қайрат Нұртастың барлық әнін жатқа білемін. Осындайда бізге қол ұшын созып жатқан ұстаздарымызға рахмет» дейді дәмхананың ашылуында ән салған Илья Мұрасин.

3E0A0023

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Алматы қаласында психологиялық ауытқуы бар жандарды еңбекке баулып, оларды қоғаммен етене араласуға бағыттайтын “Training” дәмханасы ашылды. Аталған дәмханада отызға жуық жандар еңбектенеді. Олардың – барлығы да өмірге құштар, келген қонақтарды құшақ жая қарсы алатын аспаздар мен даяшылар. Ал аталған жобаны Алматы қаласының «Нұр Отан» әкімдігі, «Психологиялық Ассоциация» орталығы және «Дарыниан» қайырымдылық қоры қолдап отыр.

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 626 000 мүгедек бар. Олардың 50 мыңы, яғни 12%-ы ғана жұмыспен қамтылған. Десе де, олардың қаншасының еңбекке жарамды-жарамсызы әзірге белгісіз. Ал Training-дәмхана жобасының басты мақсаты – жұмысқа жарамды мүгедек жандарға еңбектенуге мүмкіндік беру.

3E0A9949

3E0A9921

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы филиалының орынбасары Қайым-Мұнар Тәбеев сөз сөйледі. Алдымен, дәмхананың ашылуымен құттықтап, мүгедек жандарға қол ұшын соза алғаны үшін шексіз бақытты екендігін жеткізді.

3E0A9995

3E0A0007

Мұнымен қатар, Психоанализ Орталығының директоры Анна Мергенбайқызы осы жобаның басы қасында болған жандардың бәріне алғыс айтты. Бұл жобаның психологиялық ауытқуы бар жандар үшін қаншалықты маңызы бар екенін сөз етті.

3E0A0016

3E0A9977

«Біздің үлкен мерекемізге келіп отырғандарыңызға көп рахмет! Ұл-қыздарымыздың атынан осы ғимаратты берген Байбек мырзаға алғысымыз шексіз. Бірақ Байбек мырза оны бізге «Нұр Отан» партиясы арқылы берді. Сол себепті, «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне де рахмет. 3-4 жыл бұрын Светлана Нұрбаева мені қабылдамағанында, бүгінгі мерекеге жетпес те едік. Мұнымен қатар, «Сорос-Қазақстан» қорының өкілі Айнұр Шәкеноваға алғыс айтқым келеді.

Қызметкер ретінде емес, мейірімді қазақ қызы ретінде бізге қол ұшын созып келгенін жақсы білемін. Жылы сөздерімен, қаржылай және түрлі грантпен көмектесіп келді. Осы жердегі қызметкерлердің жұмыстарының жақсы жүріп, қоғамға сіңісу жолында қолдаушыларының көп болатынына сенімдімін. Әрқайсыңыз болашақта толыққанды азамат ретінде еңбек шартын жасасып, салық төлейсіздер. Қаламыздың әрбір ауданында дәл осындай тренинг-дәмханалардың ашылуын армандаймын», – дейді Анна Құдиярова.

3E0A9891

3E0A0058

Маман дәмхана қызметкерлерінің ішінен Зейнегүл Салтаеваны ерекше атап өтті. Тіпті, алдағы уақытта дәмхана басшысымен еңбек келісім-шартын жасасып, салық төлейтінін де меңзеді. Бұл – әрбір қызметкер үшін үлкен жетістік. Олар осылайша қоғамға сіңісіп, тұлғалық қасиеттерін қайтарғандарын дәлелдейді.

3E0A9985

3E0A0061

Шара барысында ән шырқалып, би биленді. Жүрек жарды тілектер айтылды. Мұнымен қатар, дәмхана қызметкерлерінің қолөнер туындылары көрмеге қойылды.

«Жастайымнан ән айтқанды ұнатамын. Қазақ тіліндегі әндерді ұстаздарым жаттатты. Оларға айтар алғысым шексіз. Қажет десеңіздер, Қайрат Нұртастың барлық әндерін шырқап бере аламын. Бүгінгідей көңілді кештерге атсалысып жатқаныма қуаныштымын. Бізге қолұшын созған жандарға айтар алғысым шексіз», – дейді 15 жастағы әнші Илья Мұрасин.

3E0A9929

3E0A0054

Құрметті оқырман, қоғамымыздағы мүгедек жандарға көмектескіңіз келсе, «Болашақ» базарындағы «Training» дәмханасына асығыңыздар. Ол жердегі барлық тағамның дәмді екені сөзсіз. Себебі, барлығы да ыстық ықыласпен, ақ ниетпен әзірленген.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметті ұсыну жүйесін дамыту жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болған

АҚШ аспазы мейрамхана қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Талқылау