Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арамызда Стамбұл" фильмі бір аптада 100 000 көрермен жинап, рекорд жаңартты! 

Стамбұл қаласының атмосферасын, құпия мен романтикаға толы махаббат оқиғасын осы фильмнен көруге болады. Бұл әрине, 2025 жылғы 6 ақпанда кең прокатқа шыққан "Арамызда Стамбұл" атты жаңа қазақстандық туынды. Бір апта ішінде Tiger Films кинокомпаниясының романтикалық комедиясы 100 000-нан астам көрермен жинады. Фильм сюжеті алғашқы минуттардан-ақ көрермендерді қызықтырып, бейжай қалдырмайды.

Бұрын шамадан тыс ерке мінезді, бай "мажорлардың" басшылығымен жұмыс істеген ару неден аулақ болуға тырысады? Әрине, осындай адамдармен қайта жолығудан. Фильмнің басты кейіпкері дәл осы позицияны ұстанады. Алайда ол бұрынғы ортасында болған адамдарға ұқсамайтын жігітті кездестіреді. Сол сәттен бастап бәрі өзгереді. Арудың кездестірген жігіті – өте қарапайым, мұқият, қамқор жан. Алайда оның бір үлкен құпиясы – өзінің бай әрі табысты кәсіпкердің ұлы екенін жасырады. 

Tiger Films продюсері Ерлан Бухарбаев "Арамызда Стамбұл" фильмі көрермендерді эмоциялы оқиғаға батырып қана қоймай, олардың алдында Түркияның таңғажайып пейзаждарын ашатынын атап өтті. Фильмде сан ғасырлық тарихы бар Стамбұл, күн сайын аспанға жүздеген шар көтерілетін әйгілі Каппадокия аймағы көрсетілген. Бұл ауқымды жоба Еуразиялық банк қолдауының арқасында жүзеге асты.

"Еуразиялық банк екінші жыл Tiger Films-пен бірлесіп креативті индустрияны белсенді қолдауда. Өйткені "Шығармашылық пен жасампаздық" – біздің банктің корпоративтік құндылықтарының бірі. "Арамызда Стамбұл" — бұл махаббат туралы фильм және біздің төлем картамыз. Бұл кейіпкерлердің өміріне ұқсас миллиондаған тұтынушыларымыздың нағыз көмекшісіне айналғанына қуаныштымыз", — деп түсіндірді Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Даулетбаева.

Банк фильмнің премьерасына орай көрермендерге бас жүлде — 500 000 бонусты ұтып алуға мүмкіндік беретін науқан жариялады. 

Науқанға қатысу үшін: 

  1. 2025 жылғы 6 ақпаннан 6 наурыз аралығына дейін (фильмнің кинотеатрлардағы ротациясына байланысты науқан мерзімдері өзгеруі мүмкін) фильмге кіру билетін Еуразиялық банктің кез келген картасы арқылы сатып алу. 
  2. Банктің ресми @eurasianbank аккаунтын, @tiger_films_kz продюсерлік компаниясы мен @aramyzda_stambul фильмін белгілей отырып, Instagram-дағы өз парақша сторисіне билет ұстап түскен фотосын жариялау.
  3. Банктің ресми @eurasianbank аккаунтынан бірегей реттік нөмірді алу. 

Жүлде ұтысына банктің жаңа клиенттері де қатыса алады. Ол үшін Еуразиялық банк картасын сілтеме бойынша рәсімдесе болғаны. 

Сонымен қатар қосымша рюкзак, термос, саяхат жастығы, капюшон және несессер кіретін бес брендтік жиынтық ойнатылады. 

Негізгі және қосымша жүлде жеңімпаздары 2025 жылғы 11 наурызда сағат 15:00-де Instagram-дағы банктің ресми сайтында тікелей эфирде анықталады.

Науқан шарттарымен толығырақ Еуразиялық банктің сілтемесінен білуге болады. 

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы 

Талқылау