Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аралда мектеп директоры мұғалімдерге үйін салғызып жатыр (видео)

Қызылорда облысы,  Арал ауданы, Бекбауыл ауылындағы №65 орта мектептің директоры  мұғалімдерге үйін салғызып жатыр,-деп жазды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

ұстаздар

Бұл туралы ауыл тұрғыны ашық әңгімелеп берді. Оның айтуынша мектеп директоры қарамағындағы мұғалімдерді жұмыстан босатып, үйіне асарға шақырған. Тұрғын директордың үйіне барып, жұмысқа жегілген  ұстаздармен сөйлесіп көрген. Жүздерін жасыруға тырысқан мектеп қызметкерлері өздерін телефон камерасына түсіріп жатқан ауылдасының сұрақтарына жауап беруден қашқақтайды. Сондай-ақ,  өздерін түсіруге қарсы болып, камераға қарамай, үнсіз жұмыстарын жалғастыра береді.

Ал директордың туысы болса  еріктіге ауласына кіріп, салынып жатқан үйді түсіруге қарсы екенін айтады.

«Не істеп жүрсің? Сен не? Бұл жерде ешкімге күш қолданылып жатқан жоқ. Олардың барлығы өзіміздің ағайындарымыз. Саған көмек керек болғанда ауылдастарың, ағайын-туыстарың көмектеспейді ма?»,- деп ұрысып тастайды.

Бірақ құрлыс жұмыстарын жасап жүрген адамдар ауыз ашпаған. Жұмысқа амалсыз жегілгендерін немесе расымен де мектеп директорына өз еріктерімен көмек қолын созғысы келгенін, болмаса ағайыны екенін айтпайды.

Ал аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы осы мәселе бойынша директордың өзімен байланысыпты.

«Ешкімге күш қолданып немесе жұмыстан босатамын деп үйімнің ірге тасын қалатып жатқан жоқпын. Ол жерде жұмыс істеп жатқандар еңбек демалысына шыққан мұғалімдер. Қалғандары ағайындарым»,-деп жауап берген екен №65 орта мектептің директоры.

Ал, ауыл тұрғыны болса директордың мұғалімдерді жұмысқа жеккеніне, бас көтерер болса жұмысынан айыруға дайын екенін айтады.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)

Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады

Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото,видео)

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

 

Талқылау