Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Арабтың ақшасына қызығып отыр": Белгілі сынықшы Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты дабыл қақты

Желі арқылы танымал болған Бағдагүл есімді сынықшы айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаеваны сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz 

Сынықшының сөзінше, айтыскер ақын қыз-келіншектердің дінге бет бұруына көмектескен. 

"Айнұр Тұрсынбаеваның  мына компаниясы ештеңе емес. Ол ертең бүкіл Қазақстанды уахабист қылып шығарады. Арабтар бұларға ақша төлеп отыр. Оранып кеткендердің суретін есеп етіп арабтарға жіберіп отыр. Ол – шайға емес, арабтың ақшасына қызығып отырған әйел. Айтыстан бас тартқан Айнұр мен Сара арабтың құлы болып кеткен. Ертең біз салт-дәстүрімізді жоғалтамыз. Миы бір уланған адам ыңғайға келмейді. Заң көмектеспесе, ештеңе істей алмайсыздар. Айнұрды Қазақстанға кіргізбеу керек. Ол – Түркияда қашып жүрген әйел. Мына оразаны да тоқтату керек. Арақ ішіп, ораза ұстайтындай ол саған ойыншық емес. Елдің берекесі содан кетеді", — деді емші.



Одан кейін айтыскер ақын компаниясына ешкімнің тіл тигізбеуін өтініп, жеке парақшасында жазба жариялаған еді. 

“Айнұрмен ойнауға болады. Дін және компаниямен ойнауға болмайды. Біз заңды түрде тіркеліп, барлық өнімімізді сертификаттап, стандартқа сай жұмыс істесек те, бірден сынға іліктік. Түркиядан, Қытайдан, Кореядан серіктестеріміз келіп, біздің жұмысымызға жоғары баға берді. Бірақ қазақтың жауы – қазақ! Аяқтан шалып, құлатуды білеміз!" – деп ашуланды кәсіпкер. 

Еске салайық, Ыстамбұлдан келген Айнұр Тұрсынбаеваны қонақ еткісі келетіндер кезек күтіп қалғанын жазған едік. 

 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 04 Наурыз, 2025 17:11
Талқылау