Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Араб елдері ХАМАС қозғалысын қаруын тастап, Газа секторынан кетуге шақырды

Фото: Global Look Press/Yousef Mohammed

Қатар, Сауд Арабиясы және Мысыр сияқты араб елдері ХАМАС қозғалысын Газа секторы аумағынан кетуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталмыш араб елдері Нью-Йорктегі екі мемлекет мәселесін шешу конференциясында дайындалған декларацияға қосылды. Бұл құжат ХАМАС қозғалысын биліктен бас тартып, барлық қаруын Палестина автономиясы әкімшілігіне тапсыруды ұсынады.

Палестина автономиясының премьер-министрі Мұхаммед Мұстафа сөйлеген сөзінде, өңірге халықаралық күштерді шақырып, қалпына келтіру мен қорғау миссиясына бастауға дайын екенін атап өтті.


Газа секторында гуманитарлық көмек күтіп отырған 67 адам Израильдің соққысынан қаза тапты


7 беттен тұратын декларация Еуропалық одақ пен Араб елдері лигасы тарапынан да мақұлданған. Құжаттың БҰҰ-да ресми түрде қыркүйек айына дейін бекітілуі күтілуде. Сол уақытта дейін декларацияға басқа елдер де қосыла алады. 

Францияның Еуропа істері министрі Жан-Ноэль Барро қабылданған құжатты "тарихи және бұрын-соңды болмаған" деп атады. Конференция аясында Франция бастаған 15 батыс елі тәуелсіз Палестина мемлекетін мойындауға шақырды. Құжатқа қол қойғандар ХАМАС-тан Израильге тұтқындарды қайтаруды талап етеді.

АҚШ пен Израиль конференцияға бойкот жариялады. Екі ел қазіргі жағдайда Палестина мемлекетін құру "терроризмді қолдау" деп санайды.

Еске салсақ, бұған дейін Франция Палестинаны мемлекет ретінде тану туралы шешім қабылдаған еді. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 21:47
Талқылау
`