Әр тұрғынның миллионы бар: Қытайдағы миллионерлер ауылы қалай өмір сүреді
Қытайдың шығысында Цзянсу провинциясына қарасты Хуаси атты ең бай ауыл бар.
Өткен айда аспанмен таласқан ғимараттары мен тікұшақ таксилері, зәулім вилласы бар – Хуаси ауылы 55 жылдық мерейтойын тойлады.
Мекенге Хуаси парткомының бұрынғы хатшысы Ву Ренабо басшылық етеді. Бұрынғы қарапайым шаруалар қонысы бүгінде бай ауылға айналған. Мұнда жібек пен болат өндіреді. Әрі туристік бизнес жолға қойылған.
2000 тұрғынның әрқайсысының банкте миллион юаньнан астам ақшасы бар. Ең қиыны олар жұмысы тоқтап қалмау үшін демалыссыз жұмыс істейді. Олар аптасына 7 күн жұмыс істейді. Жұмысшылар қызмет табысының 30 пайызын ғана алады. Қалғаны компания еншісінде.
Қытай форумының бірінде Хуаси тұрғыны өздерінің ақшасын қалағанынша жұмсай алмайтынын, банктен алу үшін рұқсат керек екенін айтады. Ал, рұқсат беру үшін олар жерін не акциясын сатуы керек екен.
Алайда медициналық көмек пен білім алу тегін. Тікұшақты тегін қолдануға болады.
50-ден асқан әйелдер мен 55 жастан асқан ерлер зейнетақы алады. Бірақ БАҚ өкілдерімен сөйлесуге ауыл тұрғындарына тыйым салынған.
2011 жылы ауылда 328 метрлі алып Longxi International Hotel қонақүйі бой көтерді.
Ғимаратта бір тонна таза алтыннан жасалған бұқа ескерткіші бар.
Туристер Хуасиге бет алуда
Мұнда Сиднейдегідей опера театрының көшірмесін жасаған
Туристерді қызықтыру үшін Ұлы Қытай қорғанының фрагменттері салынған
Мұнда Тяньаньмэнь Пекин сарайының көшірмесі де бар