"Әр сөзі үшін заңды түрде жауап береді": Фариза Алмасқызы экс-күйеуі Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен арыз түсірмек
Фото: instagram.com/zhaksygen_n / instagram.com/fariza.almazovna
Блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен арыз түсіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фариза Алмасқызы бүгін адвокатпен кездесіп, сенімхат жасалғанын жазды. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі барлық сөзі үшін заң алдында жауап береді.
“Бүгін адвокатпен кездестім. Сенімхат жасатып алды, енді процесс басталады. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар. Барлық айтқан әр сөзіне, жала жапқанына, әке шешеме, балаларыма, әулетіме тіл тигізгені үшін заңды түрде жауап береді”, – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін экс-әйелін балағаттаған блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге желі қолданушылары бойкот жариялағаны хабарланған еді.
Еске салайық, әлеуметтік желіде қазақстандық шоу-бизнес өкілдеріне қатысты үлкен дау өршіді. Бірқатар танымал тұлғалар сынның астында қалып, желі қолданушыларын оларға қарсы бойкот жариялауға шақырған еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?