"Әр баспанаға жылу": Жылыту мезгілінде "Алтыналмас" компаниясы 208 мұқтаж әулетке қолдау көрсетті
"Алтыналмас АК" АҚ 2024 жылы компания қызмет ететін аймақтардағы мұқтаж тұрғындарға қол ұшын беру дәстүрін адал жалғастырып келеді. Аталмыш бастама аясында Алтыналмас 208 қазақстандық отбасыға 440 тонна көмір жеткізді. Мұндай қолдау көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге және жылыту кезінде көмек күтетін басқа да азаматтарға берілді.
Ағымдағы жылы Алтыналмас төменде тізілген елді мекендерге көмір таратты:
- Ақмола облысы, Степногор қаласы, Ақсу кенті – 100 тонна
- Ақмола облысы, Степногор қаласы, Бестөбе кенті – 86 тонна
- Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті – 90 тонна
- Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ақбақай ауылы – 70 тонна.
- Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадерсін ауылдық округы – 70 тонна
Ортадерсін ауылдық округінің әкімі Сейтқали Кркруов:
"Қыс мезгілінде қашықта орналасқан ауылдарды жылыту мәселесі ерекше орында тұр, бұл кездері коммуналдық шығындар күрт артады, көп үйде отын сатып алатын мүмкіндік бола бермейді. 2024 жылы "Алтыналмас" компаниясы Ортадерсін кентінде тұратын ауылдастарымыздың тағдырына сырт қарамады. Ондағы мұқтаж азаматтарымыздың есігіне дейін көмер жеткізуді ұйымдастырды. Ортадерсіндіктерге 70 тонна көмер бөлінді, бұл ауқым 35 отбасын жылытып, суық кезде оларға зор көмек болды", – деп атап өтті.
Оған қоса, Ақсу кенті әкімдігі "Алтыналмас" компаниясына көмірді тұрғындар қажеттілігіне өз бағасына сатуға көмек көрсету бойынша жүгінді. Әкімдіктің ұсынысы бойынша 3 750 тонна көмір сатып алу керек болған, оның 2 500 тоннасы тұрғындарға өз бағасына сатылды, ал 1 250 тонна көмір компанияның қызмет ету аумақтарында тұратын жұмыскерлеріне тегін берілді.
Жолымбет кентінің тұрғыны Алтынай Кирабаева:
"Біздердің "Алтыналмас" компаниясына деген алғысымыз шексіз, оның жылуға мұқтаж болған үйлерге көмір жеткізуі уақтылы әрі маңызды қолдау болды. Суық кезде отынның маңызын білетін үйлер енді қыс мезгілінде уайымға салынбай, жылы баспаналарында жайлы тұра алады. Алтыналмастың қашық орналасқан елді мекендерді шет етпей, осындай көмек беріп отырғанына мың да бір алғыс!" – деді.
"Алтыналмас АК" АҚ тек алтын өндірісінде ғана қызметін тиімді дамытып қоймай, мұқтаждарға көмек көрсетуді де жалғастырып келеді. 2025 жылы компания әлеуметтік қолдау қызметі аясында көмек қажет еткендерге қол созуын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Алтыналмастың осындай әрекеттері оның ESG стратегиясының постулаттарына адалдығын, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қосып келетін үлесін көрсетеді.