Қазақстанда апорт сортын қайта жаңғырту үшін 110 гектар бақ отырғызылады
Фото: gov.kz
Қазақстанда 2025–2028 жылдарға арналған арнайы Жол картасы бойынша “Апорт” алмасының сорты қайта жаңғыртылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алманың бұл сортын жаңғырту жұмыстары 2024 жылы басталды. Сол арқылы еліміздің бірегей мәдени мұрасы әрі символы саналатын "Апорт" алмасының сортын қалпына келтіру жоспарланып отыр.
“Болашақта "Апорт" сортын отырғызатын жаңа бақтар болады. 2024 жылы Жоңғар Алатауының таулы аймақтарынан Сиверс жабайы алмасының тұқымдары жиналып, олар себіліп, көшет питомнигі құрылды. 2025 жылғы ақпанда сапалы көшеттер дайындау мақсатында 10 гектар алқапта қысқы көзтаңба (окулировка) жұмыстары жүргізілді.
-
Енді қазақстандықтардың паспортында қар барысының бейнесі таңба ретінде қолданылады
-
Қазақстан азаматтығын алу кезінде қазақ тілін білуге қойылатын талап жеңілдетілмек
2027 жылдың соңына дейін 110 гектар бақ отырғызу көзделіп отыр. Сонымен қатар, "Апорт" алмасын ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, биылғы қыркүйек айында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының помологиялық бағы базасында "Бақ күні" шарасы өтеді”, – делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жол картасын іске асыру шеңберінде барлық іс-шараларды үйлестіріп, жобаның ғылыми негізін, сабақтастығын және орнықты дамуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңқалдырды
