Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Апат белгісін қосып, намаз оқыды": Алматыда кептеліс тудырған ер адамның әрекеті қызу талқыға түсті

жолдың бойында намаз оқыған

Фото: Aika_st Threads-парақшасы

Желіде ер адамның көлігін жолға қойып, апат белгісін қойып, намаз оқыған фотосы тарады. Жазба авторының сөзінше, салдарынан кептеліс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Aika_st есімді Threads қолданушысы 29 шілде 19:20-да Әл-Фараби бойында көлік жүргізушісі көлігін қойып, намазын оқығанын айтады. 

“Апат белгісіне қойып, көлік капотын көтеріп, намаз оқыды. Кептеліс кезінде біз оны айналып кетуге мәжбүр болдық”, – деді ол.

Кейін Ілияс Нұр есімді қолданушы жағдай олай болмағанын, расымен апатты жағдай болғанын жазды.

“Ағам Әл-Фарабидің бойымен ауруханадағы әйелі мен ұлына келе жатыр еді, сол кезде көлік бұзылды. Басқа көліктерге кедергі болмас үшін оң жаққа тоқтап, көмек күтті. Сол уақытта намаз уақыты болып, ешкімге кедергі жасамай, көліктің жанында көшеде намаз оқу үшін көліктен түсті. Алайда желі қолданушысы оны фотоға түсіріп, салдарынан ол туралы, намаз және дін туралы жаман нәрселер жазылды”, – деді ол.

Сөзінше, көпшілігі оны қисынсыз айыптады. Сол үшін жазба авторын жазаға тартуды сұрайды.

Кейін Aika_st салған жазба өшірілген екен.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 17:17
Талқылау
`