Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнуар Нүрпейісов жұртты шулатқан хабарды таратқан порталды сотқа бермек

Әнуар Нүрпейісов жұртты шулатқан пікірінің астарында не жатқанын түсіндірді. Мұнымен қатар, ол өзі туралы «жалған ақпарат» таратқан порталды кешірім сұрамаған жағдайда сотқа беретінін жеткізді.

16123295_422327338158952_7580413713170038784_n

Фото: instagram.com/anuar_nurpeisov/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын отандық порталдардың бірі Әнуар Нүрпейісовтың қазақ ұлтының ақыры жойылып тынатынын айтқаны туралы ақпарат таратқан-ды. Осыдан кейін актер әлеуметтік желі арқылы түрлі жағымсыз пікір естіді. Оны кездестіріп қалған жағдайда соққының астына алатындарын айтқандар да болды. Алайда актердің өзі Nur.kz порталының ақпаратты шындыққа жанаспайтындай етіп жеткізгенін айтып жатыр.

«Бұл ақпараттың таралуын дереу тоқтату қажет! Бүгін Blogcamp форумы кезінде 500-1000 жылдан кейін қазақтардың ұлт ретінде андроновтар секілді жойылып кетуі мүмкін екенін айтқан болатынмын. Бірақ осы тұста Nur.kz порталы мен гипотетикалық фразамды алып аксиомаға айналдырып отыр. Сенімнен шығып, құрметсіздікке ие болған Nur.kz порталы ҚР азаматтық кодексінің 143-бабы туралы ұмытып кеткен сияқты. Олай болса, естеріңізге салып өтейін: ол – ар-ожданды және қызметтік беделді қорғау туралы бап…

Этот информационный беспредел пора остановить! Сегодня прошел форум Blogcamp, в котором я выразил гипотезу о том, что казахи как нация через 500 или 1000 лет может исчезнуть, как и исчезли андроновцы. Но небезызвестный портал Nur.kz вырывает из контекста мою гипотетическую фразу и превращает ее в утвердительную аксиому. Давно не вызывающая уважения и доверия редакция портала Nur.kz видимо забыли о статье 143 гражданского кодекса РК. Так вот, напоминаю вам о ней: Статья 143. Защита чести, достоинства и деловой репутации 1. Гражданин вправе требовать в судебном порядке опровержения сведений, порочащих его честь, достоинство или деловую репутацию. 2. Если сведения, порочащие честь, достоинство или деловую репутацию гражданина или юридического лица, распространены в средствах массовой информации, они должны быть бесплатно опровергнуты в тех же средствах массовой информации. Я прекрасно понимаю, что ждать журналисткой этики от nur.kz не придется, поэтому будем решать вопрос в правовом поле. У меня есть полная видеозапись выступления и слова акима Атырауской области г-на Ногаева Н.А. А так же более 200 свидетелей. Nur.kz вы уже всех артистов достали своими желтыми заголовками, что уже вызываете жалкий смех. Но сегодня я устал смеяться над вами. P.S. Ссылка на новостную статью в профайле аккаунта.

Публикация от Ануар Нурпеисов (@anuar_nurpeisov)

Мен Nur.kz порталынан журналистік этиканы күтпеймін. Сол себепті бұл мәселені құқық қорғау деңгейінде шешкім келеді. Менің қолымда форумда не айтқаным және Атырау облысының әкімі Ноғаевтың не айтқаны туралы толық видео бар. Мұнымен қатар, 200 куәгерді ескеріңіз. Nur.kz, сендер барлық артистердің мазасын қашырып болдыңдар. Тақырыптарыңа адамның күлкісі келеді.  Бүгін күле қараудан жалықтым», – дейді Әнуар Нүрпейісов.

Актер Blogcamp аяқтала салысымен видео түсіріп, аталған порталдан өзінен ресми түрде кешірім сұрауды немесе материалды өшіруді талап етті. Әзірге порталдың қандай шешім қабылдағаны белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Әлсіз еркек әйелді кінәлайды

Қызы Баян Есентаеваның киімдерін киіп жүр (фото)

КешYou тобының жаңа бейнебаяны плагиат болып шықты (видео)

Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны адамдардың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау