Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор "Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысын тергеуге шақырды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданды қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж: Stan.kz

Агенттік күдіктінің шетелде екенін атап өтті.

"Күдікті Т.Ардан Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды”, – делінген хабарламада. 

Агенттік мәліметінше, жауап алу үшін Талғат Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Астана қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына келуі қажет.


Астанадағы LRT-да құрылыс ережесін сақтамаған қытайлық компания қатаң сөгіс алды


"Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы. Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді” , – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астананың экс-әкімі Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау жұмыстары туралы есеп беріп, Талғат Арданның қайда екені анықталмағанын айтқан еді. 

Талқылау