Антарктидада ірі көлемді айсберг бөлініп шықты
Антарктидада ірі көлемді айсберг Брант мұз қайраңынан бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше жыл бойы ғалымдар мұздың 150 метрлік қалыңдығында жарықтар пайда болғанын байқады, ал 22 қаңтар жексенбіде толықтай бөлінді.
1500 км2-ден астам алып мұздық климаттың өзгеруіне тікелей байланысты емес және теңіз деңгейінің көтерілуіне әсер етпейді.
Брант мұз қайраңында британ Halley зерттеу станциясы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында ол "Тұңғиық 1" бөлігінен 23 шақырымға ауыстырылды.
Алдағы уақытта қалқып жүрген мұз бөлігіне атау беріледі. Айсбергтерге ат қою жұмысы АҚШ әскери-теңіз күштерінің агенттіктерінің біріне жүктелген.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі