Антарктидада шөптің жаппай өсуі ғалымдарды алаңдатып отыр
Антарктидада мұздықтардың еруінен басқа, жасыл шөптің жаппай өсуі де ғалымдарды алаңдатып отыр. Планетаның ең суық материгінде тағы бір мәселе пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: www.nature.com
Ғалымдардың айтуынша, Антарктидада жасыл шөп алаңы 10 есе өскен. Егер 1986 жылы өсімдіктер жамылғысы бір шаршы шақырымнан аз болса, 2021 жылға қарай жасыл жамылғы шамамен 12 шаршы метр болды.
Ғалымдар континентте 2016 жылдан бастап мүктер белсенді түрде өсе бастағанын айтады. Бұл климаттың күрт өзгерісін көрсетеді. Көгалдану 30%-дан астам өскен. Ғалымдар жақын арада өсімдіктердің басқа түрлері пайда болуы мүмкін екенін болжап отыр.
Ғалымдар өсімдіктердің континентке енуінің үш нұсқасын алға тартты. Біріншісі туристер мен зерттеушілерден; екіншісі желмен, үшіншісі құстардың қоныс аударуы кезінде.
Әзірге аймақтың аз ғана бөлігі көгалданған. Бірақ жағдай сарапшыларды алаңдатады. Бұл Антарктиданың Жердің басқа бөліктеріне қарағанда тезірек жылып жатқанын білдіреді. Жақын арада континенттегі жасыл жамылғы ұлғаюы мүмкін. Бұл аймақ пен бүкіл планетаның климатының сөзсіз өзгеруіне әкеледі.