Антарктидада пингвиндер фотокамера тауып алып, селфи жасаған (видео)
Антарктидада бірнеше пингвин зерттеушілер тобы тастап кеткен фотокамераны тауып алып, селфи жасаған. Пингвиндер түсіп қалған видео Аустралиялық Антарктикалық бағдарламының Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.
Желі қолданушылары пингвиндердің видеосын «селфи-видео» деп атады. Видео кадрларынан екі пингвиннің камераға жақындап келіп, басын жан-жаққа бұрғаны байқалады. Мұнан кейін олар фотоаппаратты зерттей бастайды.
Видеоны бір тәулік ішінде 100 мыңнан аса адам көрген.
Аталған ролик ғылыми-зерттеу станциясы маңындағы пингвиндер жатағында кездейсоқ түсірілген. Зерттеу тобының мүшелерінің бірі Эдди Голт камераны мұз үстіне қойып қойған.
Ғалымдардың айтуынша, пингвиндер табиғатынан білуге құмар болғандықтан, техникаға деген қызғушылықтары бекер емес.
Оқи отырыңыз:
Жағажайдан табылған «құбыжық балық» жұртты шошытты (фото)
Бақытты болашақ үшін кемшіліктерінен арылып, адам танымастай өзгерген жандар (фото)
Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды (фото, видео)
Мамандар iPhone смартфондарын қаншалықты ұзақ қолдануға болатынын анықтады