Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар iPhone смартфондарын қаншалықты ұзақ қолдануға болатынын анықтады

Asymco сараптамалық компаниясының мамандары Apple құрылғыларының қолданылу мерзімі орта есеппен 4 жылдан асатынын айтты, деп хабарлайды Вusiness Іnsider басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Мұндай көрсеткішті анықтау үшін Apple компаниясы ұсынған ашық ақпарат қолданылған. Онда компанияның қазіргі уақытта әлем бойынша 2,05 миллиард смартфон мен компьютер сатқаны көрсетілген. Ал 750 миллион құрылғы қолданыстан шыққан.

Зерттеуде көрсетілгендей, аталған көлемде сатылған құрылғылар 2013 жылдың үшінші тоқсанында жинақталған. Ал ол уақыттан бері 4 жыл 3 ай өтті. Мамандардың пікірінше, бұл компания өнімдерінің қолданылу мерзімі болып табылады.

Айта кетсек, iPhone және Mac қолданушылары құрылғыларын барынша ұзақ қолдануға тырысады екен. 2008 жылы бұл көрсеткіш бір жарым жылдан аспаған еді.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер емдей алмайтын 12 ауру түрі

Үш баланың анасы ұлдарының күнделікті өмірін суретке түсіруді кәсіпке айналдырған (фото)

Арнайы құралдарсыз-ақ кәсіби фотограф болудың 18 қарапайым әдісі

Йога жаттығуын жасаған қыздың аяғы сынып, омыртқасына зақым келді

Талқылау