Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды

Гүлнар Сиқымбаеваның ұлының мәйіті табылдыФото: instagram.com/zhazirabegaly_tv

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның із-түссіз жоғалып кеткен ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Суыт хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

“Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Жаны жәннатта болсын”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кеткені хабарланған еді.

Ақпаратқа сәйкес, ол 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. Үстінде қара спорттық киім болған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 12:19