Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші ұлының дүниеге келуінің арқасында әуе апатынан аман қалды

Александров ансамблінің солисі Вадим Ананьев үшінші рет әке атанып, соның арқасында әуе апатынан аман қалды.

ушак апатынан

Александров ансамбінің жетекші солисі, шетелде “Мистер Калинка” атымен танылған Вадим Ананьев әріптестерімен бірге әнсапарға бара алмады. Айтуынша, егер ансамбль бірнеше сағатқа созылатын концертке емес, бірнеше бөлімнен тұратын концерт қоюды жоспарлағанда ол әріптестерімен бірге Сирияға ұшуы мүмкін еді, деп жазды РИА Новости.

“Басымнан ауыр затпен қойып қалғандай күйдемін. Бәлкім уақыт өткен соң не болғанын ұғынатын шығармын. Біріншіден, шок күйіндемін. Сенбедім, әлі де сене алар емеспін. Бір түсінбестік орын алғандай… Ел жейдемен туғанымды айтуда. Солай шығар, білмеймін”, — деді Ананьев RT. арнасының эфирі барысында.

Ресей халық әртісінің сөзінше, ансамбль Сирияда ұзақтығы бір сағатқа ғана созылатын концерт беруі тиіс болған. 57 жастағы әнші жуырда үшінші рет әке атанғандықтан, аталмыш сапардан бас тартқан. Себебі әйелі оның көмегіне зәру болған. Сол себепті ол ансамбль жетекшісі Валерий Халиловтан сұранып, әріптестерімен бірге әнсапарға бармады.

“Қарапайым бағдарлама, 15 туынды, жалпы бір сағатқа есептелген. Бір ғана концерт. Егер бірнеше концерт болғанда сұранбайтын едім, ол менің жұмысым. Шешенстанда, Югославияда болдым. Көркемдік жетекшіден сұрандым, ол да маған түсіністік танытты. Ал енді мен сіздердің алдарыңызда тұрмын, бірақ менің ұшуым керек болған”, — дейді Ананьев.

Ананьев 25 жылдан бері “Калинка” мен “Катюша” әндерінің жалғыз орындаушысы болып келеді. Сол үшін де шетелдік көрермендер оны «Мистер Калинка» атап кеткен. Ресейдің халық әртісі бортта болған жолаушылардың жақындарына қайғырып көңіл айтты.

А. В. Александров атындағы Ресей әскери академиялық ансамблі  ведет свою историю 1928 жылы құрылған. КСРО халық әртісі, ансамбльдің негізін қалаушы Александр Александровтің есімі топқа 1949 жылы берілген. Ал 1978 жылы ансамбль академиялық деген атаққа ие болды. Оның репертуартында мыңға жуық әндер бар.

Айта кетейік, әсери ұшақ радардан сағат 05:40-та жоғалып кетті. Ол кезде ұшақтың Сочиден ұшып шыққанына небәрі 20 минут болған. Аталған ұшақ Сирияның Латакия қаласына ұшуы керек болған. Бортта сегіз экпиаж мүшесі және 83 жолаушы болған. Олардың қатарында БАҚ өкілдері мен музыканттар бар. Олардың қатарында 64 ансамбль мүшесі болған.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда әйелді өліге санап Ганг өзеніне ағызып жіберген, бірақ оны балықшылар құтқарып қалған

Қара теңізден әскери Ту-154 ұшағының қалдықтары табылды

Студент қыз қараусыз қалған 93 жастағы әжесін өзінің жатақханасына көшіріп алған (фото)

Берлинде қанды қырғын жасаған террорист камера нысанасына ілініп қалған

Талқылау