Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара теңізден әскери Ту-154 ұшағының қалдықтары табылды

Ресей қорғаныс министрлігі әскери Ту-154  ұшағының қалдықтары Қара теңізден табылды.

pic_47c5cd7f81e1c3fc3e906c1911228502

Нақтырақ айтатын болсақ, жағажайдан 1,5 километр қашықтықтан лайнердің қалдықтары, шассидің (ұшақтың дөңгелегі бекітілетін құрылғы) бөліктері табылған. Олар 50-70 метр тереңдікке түсіп кеткен.

«5,5 шақырым қашықтықтан майлы дақ табылды. Ал Қара теңіз айдынынан ұшақ жолаушыларының жеке заттары табылған», — деді төтенше жаңдайлар министрлігінде.

Бұған дейін Ту-154 ұшағын іздестіруге Қара теңізге жеті теңіз тобының, сондай-ақ, операцияға Ми-8 тікұшағының жұмылдырылғаны хабарланды. Одан бөлек, Сочиде Ка-32 ал Геленджикте Ми-8 тікұшақтары әзірленді.

Айта кетейік, әсери ұшақ радардан сағат 05:40-та жоғалып кетті. Ол кезде ұшақтың Сочиден ұшып шыққанына небәрі 20 минут болған. Аталған ұшақ Сирияның Латакия қаласына ұшуы керек болған. Бортта сегіз экпиаж мүшесі және 83 жолаушы болған. Олардың қатарында БАҚ өкілдері мен музыканттар бар.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай отбасыларының көпшілігі екі балалы болғысы келмейді

Сталиннің немересі Мәскеу көшелерінің бірінде өлі табылды

Анасы жаялыққа қымтап бөлеп тастаған сәби шетінеп кетті

Талқылау