Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сталиннің немересі Мәскеу көшелерінің бірінде өлі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, Евгений Джугашвили жедел жүрек жетіспеушілігі салдарынан көз жұмған.

9bffa7b52f20f8633105e5ac52d41ed5__1440x

Бүгін, желтоқсанның 22 жұлдызында ер адамды Мәскеудің солтүстік-шығысындағы көшеден тауып алған. Жүргіншілер дәрігерлерді шақырғанымен, Иосиф Сталиннің немересін құтқарып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде, оларға өлім фактісін растау ғана қалған еді.

Евгений Джугашвили 81 жасында көз жұмды. Ол – тарих ғылымдарының кандидаты, сонымен қатар әскери ғылымдар кандидаты және профессоры. Джугашвилидің Ресей мен Грузияға тиесілі қос азаматтығы болған. 1990 жылы Евгений Джугашвили «Яков, сын Сталина» фильмінде әкесінің рөлін сомдаған.

Талқылау