Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақстандық әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажмұқанұлы 5 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстық іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.
Астана соты таратқан ақпаратқа сәйкес, сотталушы туыстарының 50 мың доллар сомасындағы ақшасын жымқырған.
Бастапқыда жәбірленушінің туысы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау фактісі бойынша тергеу изоляторына қамалған. Мұны білген К полиция қызметкерлерінің арасында іс жүзінде танысы жоқ бола тұра, қалыптасқан жағдайды пайдаланып, жазаны жеңілдету үшін қаражатты полиция қызметкерлеріне беремін деп алдап алаяқтық жасаған.
Сотталушының жас балаларының болуы, кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.
Ол 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
-
Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады
-
Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты істі сотта қарау басталды
Еске салайық, "Енем ортамызға жатып алатын" деп Сиви Махмуди алғаш рет экс жолдасына қатысты құпияны жайып салған еді.
“Енем баласын қатты қызғанды. Тіпті, ортамызға келіп жатып алатын. Келін болып түскен күні “Егер сезімдерің 2-3 жылдан кейін суып жатса, ажырасыңдар” деді. Мен сол сөзіне қатты таңғалатынмын. Осы күнге дейін экс енем де, жолдасым да балаларын сұраған емес, – деген еді әнші.

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші өткеліндегі адамды қағып кетті
