Әнші Кәмшат Жолдыбаева әйелдер жамағатын құрмақ

KeshYou тобының экс-мүшесі, әнші Кәмшат Жолдыбаеваның әйелдерден жамағат құру туралы ойы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қымбатты, қыз-келіншектер. Бұл жолдама сіздерге арналады. Сіздердіі іріктеп алып, әзірге бір ай шамасында бірнеше рет кездесіп, әдемі әйел жамағатын құрып, тәніміз бен табиғатымыздың сұлулығын ашатын әңгімелер айтқым келеді. Мүмкін, топтық консультация ретінде өтеді. Одан кейін кездесу тыныс алу, созылу, би билеу сияқты практикалармен жалғасатын керемет кездесулер өткізгім келеді. Бұл ой әзірге тек ниет ретінде бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Ол жерге кірген әйел шабыт алып, жақсы энергиямен шығатындай кездесулер өткізсем деймін”, – деді әнші.
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікірлер қалдырып жатыр. Олардың қатарында әншіні қолдап жатқандар көп.
Алайда “жамағаты несі”, “жамағат дегені ұнамайды” деп жазғандар да жоқ емес.
“Хиджабты қалай шешу туралы, сосын жамағат жинап, артынан уағыз айтып, оның артынан би билеп дискотекаға барамыз ба сонда, не істейміз? Ақыл-кеңесіңізді тыңдағанға ақша төлейміз бе?”, “Жамағат деген сөзді айту үшін ойлану керек шығар”, “Әніңді айтып жүре берсейші”, “Әйел жамағат бола алмайды”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі блогер әнші Кәмшат Жолдыбаеваны сынап тастағаны хабарланған еді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты