Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бейонсе егіз нәрестелерді өмірге алып келді

Поп-әнші Бейонсе мен рэпер Jay-Z екінші рет ата-ана атанды. 17 маусым күні түнде әнші егіз босанған.

6363

Бұл туралы USA Today хабарлайды.

Ата-анасының сәбиге қандай есім таңдағаны әлі белгісіз. Сенімді дерек көзі бойынша әнші Лос-Анджелестегі медициналық орталықта сәбилерін өмірге алып келген.

Бейонсе ақпан айында Инстаграмға сурет салып, өзінің жүкті екенін жариялаған еді.

“Мен өз махаббатыммен, бақытыммен бөліскім келеді. Біздің отбасымызда егіз бала болып, сіздердің тілектеріңізге бөленгенімізге рахмет айтамыз”, – деп жазған еді әнші.

Бейонсе мен рэпер Jay-Z-дың Блю Айви Картер атты қыздары бар. Ол 2012 жылдың қаңтар айында өмірге келген.

Оқи отырыңыз:

Әйел 8 жасар қызын бөгде ер адаммен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Қазақстандық студент қыз Головкиннің арқасында АҚШ-та қалай ақша тапқанын айтып берді

Лондондағы алапат өрт кезінде 10-қабаттан құлаған сәби аман қалды

32 адам тұрған көпір өзенге құлап кетті (видео)

Талқылау