Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ademi арықтататын дәрі ішіп, сирек кездесетін ауруға душар болған

Адэмидің тым толық суретін көрген жанкүйерлерінің, төбе шашы тік тұрғаны бар. Артық салмақтан арыламын деп жүргенде сылқым «анорекцияға» ұшыраған. Шоу- бизнестегі ең сұлу арудың осыншалықты азап шегуіне не  түрткі болды?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Оның себебі жалғыз! Гормонды дәрілерді пайдаланғанның нәтижесінде әншінің салмағы артып кеткен.

“Ол кездерде өзіме тым сенімді едім. Табынушыларым да көп болатын. Сұлусың, сымбаттысың деген мақтау сөздерді жиі естуші едім. Артық салмақ адамның еңсесін түсірмеуі керек. Өзіңе ыңғайлы болса, мінсіз мүсін қалыптастырамын деп әуреленбеген дұрыс”, – дейді Ademi.

Қос ауыр ота жасатып, айлап нәр сызбай жүрген сәттерінің болғанын еске алады сылқым. Бел омыртқасының ауруы, аяғындағы дерт оның қайта арықтауына сеп болған.

“Аяғымнан жүре алмай қалған тұста да, тамақ ішпек түгілі өмір сүруге құлшынысым болмайтын. Күйзеліс сол кезде де жүдетіп жіберді”, – дейді Ademi.

Семіздік сырқаты қайта оралуы бек мүмкін еді дейді ару. Өйткені, ол өзін тамақтан тежей алмайды.

“Тәтті тоқаштарды көргенде жеп қоятыным бар.  Кино көріп отырып та, аузым босамайтын. Бірақ, сахна мені бұл кейіпте қабылдамайтынын түсінгенде, дұрыс тамақтануға көштім”, – дейді Ademi.

Қазір керісінше, салмақ қосуға зар. Тіпті, дәрігерлер өткен жазда сылқымға «анорексия» диагнозын да қойған.

“Ән сапарлар, таусылмайтын түсірілім жұмыстары жүргізіліп, жұмыс қауырт болып кеткен шақтарда кәдімгідей арықтап кетемін. 50 келі салмақтың өзі мен үшін тым аз. Қу сүйек болуды жаным қаламайды”, – дейді Ademi.

Дегенмен, аты құлаққа түрпідей тиетін дертінен әнші бірте-бірте айығып келеді. Саулығы үшін спортқа да бет бұрған. Оның басты қағидасы – салмағың қанша болса да, өзіңе деген сенімділікті жоғалтпау! Өзгеге де осы кеңесін айтады.

Оқи отырыңыз:

“Зың-зың” әнінің авторы мезгілсіз қайтыс болды

 Тұңғышын ұзатқан Абай Бегей тойда көз жасына ерік берді (фото, видео)

Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Қайрат Нұртастың жарымен сүйісіп тұрған суреті желіні шулатты

Талқылау