Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анонимді донор ағзаларын беріп жеті адамның өмірін құтқарып қалды

донор сток

Фото: pixabay.com

Испанияда аты-жөні белгісіз донор өз ағзалары арқылы жеті адамның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі El Periodico басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атап айтқанда, ол 43 жастағы испандық Монсеррат Лопестің өмірін құтқарды. Дәрігерлер оған анасы мен ағасында бұрын анықталған жүректің тұқым қуалайтын ауруын диагноздаған. Осыған байланысты Барселонадағы ауруханалардың бірінде ем алып жатқан әйелге жүрек трансплантациясы қажет болған.

Бірнеше ай бойы күту тізімінде тұрғаннан кейін, Лопеске жарамды жүрек табылып, оны аты-жөні белгісіз донор ұсынған. Дәрігерлер донордың жүрегін сәтті ауыстырып салды. Бұдан бөлек, сол адам бауырын, бүйрегін, өкпесін, ұйқы безін және басқа да ағзаларын беріп, тағы алты адамның өмірін сақтап қалған. Донор жайлы нақты мәлімет жоқ, алайда мұндай донорлар көбіне жол-көлік апатына ұшыраған немесе қайғылы жағдайға тап болған орта жастағы адамдар екені белгілі.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Маусым, 2025 18:43
Талқылау