Анкарада Зеленский мен Ердоғанның кездесуі болады
Фото: afyonkenthaber.com
Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Анкарада Зеленский мен Ердоғанның кездесуі болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украиналық БАҚ-тың мәліметінше, Зеленский мен Ердоғанның кездесуі басталған.
Бұған дейін BBC дереккөзі Мәскеу мен Киев делегацияларының кездесуі нақты уақытқа жоспарланбағанын хабарлаған еді.
Ыстамбұлдағы келіссөздердегі Ресей делегациясының басшысы, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский өзінің жеделхат арнасында Ыстамбұлға келгенін және байыпты жұмыс істеуге дайын екенін жазды. Кремль өкілі Ресей тарапы украина делегациясын күтетінін айтты.
-
Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін Түркияға бармайтын болды
-
Еуроодақ Ресей активтерінен түскен кіріс есебінен Украинаға қорғаныс үшін 2 миллиард еуро бөлді
"Біз украиналық келіссөз жүргізушілер келе ме, жоқ па және келіссөздердің қалай өтетінін білмейміз. Ресей делегациясы Ыстамбұлда дайын және күтіп отыр", – деді Дмитрий Песков брифингте.
Еске салсақ, Путин Зеленскиймен келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтыны туралы хабарлаған едік.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
