Ангелина Лукас қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды
Фото: Спортшының жеке парақшасынан
IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас 3 желтоқсанда Дубайда жекпе-жек өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ангелина Лукас Танзания өкілі Эгине Каянгенгемен жұдырықтасты. Қос боксшы арасындағы айқас 10 раундқа жоспарланған еді.
Алайда Лукас жекпе-жектің 4-раунтында танзаниялық боксшыны тізе бүктірді. Нәтижесінде ортадағы төреші нокаут тіркеді.
Осылайша 28 жастағы Ангелина Лукас (52,2 кг дейін) екінші жеңіл салмақтағы WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Ангелина Лукас біраз уақыт бұрын Мысырда өткен жекпе-жекте америкалық боксшы Кэтрин Ренеге төрешілер шешімімен жеңілген еді. Алайда көп ұзамай америкалық спортшы допинг сынамасынан өте алмады. Осыған байланысты Лукасқа тіркелген жеңіліс “жоққа шығарылды”.
Ангелина Лукас мансабында барлығы 16 жекпе-жек өткізіп, 9 рет нокаутпен жеңіске жеткен, бір рет жеңілген.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді

