Сенсациялық жеңіліс: Ангелина Лукас чемпиондық белбеу үшін тартыста ұтылып қалды

Фото: Іnstagram.com/angelina_lukas1997
Қазақ боксшы қыз Ангелина Лукас Каирде өткен турнирде кәсіпқой рингте екінші рет жеңіліс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз америкалық Кэтрин Ренемен кездесті. Олар жеңіл салмақта (50,8 кг дейін) өткен жекпе-жекте чемпиондық белбеу үшін таласты.
Кездесу барлық он раундқа созылып, үш төрешінің екеуі америкалық боксшыны жеңімпаз деп таныды (96:94, 92:98, 96:94).
Осылайша, Рене WBA Gold чемпиондық белбеуінің иегері атанды. 36 жасар америкалық боксшының кәсіпқой рингтегі есебінде бес жеңіліс пен сегіз жеңіс бар, оның үшеуі нокаутпен аяқталған.
Лукас мансабында екінші рет жеңілді. Оның он жеңістен тұратын жеңіс сериясы үзіліп қалды. 28 жасар қазақстандық боксшының есебінде 15 жеңіс бар, оның сегізі нокаутпен аяқталды.
Еске салсақ, Каирдегі жекпе-жектен бұрын Лукас америкалық Габриэле Фундораға — жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионына — сын тастаған еді. Boxrec рейтингіне сәйкес, бұл дивизионда қазақстандық боксшы әлемде үшінші орында тұрған, ал Рене топ-30-ға кірмей, негізінен жеңіл салмақтарда өнер көрсеткен.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді