Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ангела Меркельдің «егізі» кино мен жарнамада канцлердің рөлін сомдап жүр (видео)

Есепші мамандығын меңгерген Урсула Ванески міне, 4 жылдан бері Германия канцлерінің рөлін сомдап жүр. Меркельдің егізі атанып кеткен ол, тіпті, ресми кездесулерге канцлердің атынан қатысады екен.

Бұл туралы “Сегодня” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шаш үлгісі, киімі мен өзін-өзі ұстауына қарап Ванескиді Меркельден ажырату қиын. Алайда дұрыстап қараған жан бұл әйелдің Ангела Меркельдің егізі екенін түсінеді.

Урсула Ванески Германияның Аттендорн атты қаласында тұрады. Оның киім сөресінде канцлердің қызыл пенжегінің көшірмесі бар. Алғаш рет Ванески карнавалға Меркельдің образында барған. Сонда жұртшылық оның Германия басшысына қатты ұқсайтынын байқап таңырқаған. Бұдан кейін әйел суретін егіздер агенттігіне жіберіп көрген-ді. Дәл сол шақта ондағылар фототүсірілім үшін Меркельдің дублерін іздеп жүрген екен.

Аттендорне Васескидің есімі бүгінде неміс халқына жақсы таныс. Алайда әлі де оны танымал саясаткермен шатастыратындар көп.

Әйелдің айтуынша, оның басшыға ұқсауы кейде жағымсыз жайттарға да себеп болады. Себебі немістердің бір тобы канцлерге қарсы көрінеді.

Меркель сияқты, Ванескидің де күн тәртібінде бос уақыт жоқ. Соңғы рет ол «Сен – канцлерсің» фильмінде басты рөлді сомдаған. Сарапшылар Ванескиге “саясаткердің ең үздік дублері” деп баға берді.

Жіберіп алмаңыз:

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы ұлыбританиялық жазушыға берілді

Ресейде қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды (видео)

Ресейде кондуктор қазақ студентін кемсітіп, автобустан қуды (видео)

Сауд Арабиясы королінің отбасы туралы жұрт білмейтін 15 дерек (фото)

Талқылау