Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкок қаласында (Таиланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram angelina_lukas1997 

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді. Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған еді.

Талқылау