Анджелина Джолидің сыңары Қазақстанда тұрады
Бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоева Анджелина Джолиден айнымайды. Зарина Цолоева Ақмола облысының Жақсы ауылында тұрады.
Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.
Зарина алғаш бокс секциясына барғанда бапкері оның ептілігін сынап көрсе керек. Қыздың бірнеше соққысынан кейін бапкері оның мықтылығына көзі жеткен. Зарина бес минуттың ішінде өзгелері бір жыл үйренетін ұру әдістерін меңгеріп алған.
Заринаның әкесі қызының боксқа әуестігі уақыт өте басылады деп ойлаған екен. Алайда, олай болмапты. Ол тіпті бокстан Қазақстан чемпионы атанып үлгерген. Ал, жанкүйерлер 22 жастағы Заринамен абайлап сөйлесуге тырысатын көрінеді.
Сол чемпион қыздың түр-келбеті актриса Анджелина Джолиден айнымайды. Және оның да бірнеше адамды бір ұрып сұлата салуға күші жетеді.
Алан Исаев
Талқылау