Анасының киімін киіп алған Қарақаттың ұлы желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)
Әдетте сырттан келген ата-анасына баланың бірінші қоятын сұрағы: “Не әкелдің?”. Оған ата-анасы қолда барын ұстатады. Бұл орайда өнер жұлдыздары да елден ерек емес.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші Қарақат Әбілдина желіге қызықты видео жүктеді. Ол кіші ұлының анасының қазақы нақыштағы бас киімін киіп алғанын айтып, желідегілерді күлкіге қарық қылды.
“Анашым, не әкелдіңіз” деп алдымнан жүгіріп шығатын баламның әдеті. Концерттен келген бетім еді, сасқанымнан қолымдағы бас киімім салынған қорапты ұстата салдым. Баламысың деген, бірден киіп алып екеуіміз әкеміз жоқта қызықтап біраз тырқылдап алдық. Әкемізге бұл қылығымыз онша ұнамайды білем, біздің үйде ұл балаға қыздың затын ұстатуға болмайды деген қатал тәртіп бар. Біз сол тәртіпті бұздық, енді бірдеңе қылып түсіндірерміз. Барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!” – деп жазады әнші.
Айта кетейік, өмірге төрт бірдей ұл бала алып келген Қарақат қызды болуды армандап жүр. Әнші бесінші сәбиіне жүкті. Ол өз әшекей-бұйымдарын қызына қалдыруды армандайтынын айтқан болатын.
Бұл ретте желі оқырмандары оның ұлының өте сүйкімді екенін айтып жатты. Олар Қарақаттың арманының орындалуын тіледі.
Жіберіп алмаңыз:
“Тәртіпсіз қыздың” кейпіне енген Салтанат Бақаева сынның астында қалды (фото)
Ерлан Орынбасаров Баянның тұңғышымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты
Продюсеріне тұрмысқа шығатын Луина той көйлегін көрсетті (фото)