Анасы мен келіншегі қатар жүкті болған қазақ жігіті жұрттан ұялып жүр
Бақытжан Ерланұлы осыдан бір жыл бұрын үйленген. Оның анасы мен келіншегінің жүктілігі қатар түскен екен. Азамат 41 жастағы анасының жүкті болып қалғаны үшін достарынан ұялып жүр.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
– Анаңыздың аяғының ауыр екенін қайдан естідіңіз?
– Мұны мен келіншегімнің аузынан естідім. Білген кезде біртүрлі болғаным өтірік емес. Артынша ішінің шығып жүргенін көріп, одан кейін сене бастадым. Бір қызығы, анамның жүкті болғанына бес ай өтіпті. Жасы 41-ге таяп қалды. Мені 18 жасында босанған.
– Қанша ағайындысыздар? Сізді келіншегіңіздің айтқаны ма әлде анаңыздың жасының үлкендігі таңғалдырды ма?
– Қарындасым мен інім бар. Кейінгісінің жасы 17-де, ал қарындасым 15-те. Десе де, бұл жаңалық бізге тосыннан келді. Мені келіншегімнің айтқаны таңғалдырды. Себебі, бастапқыда қалжыңдап отырған болар деп ойладым. Адамның жасы ұлғайған сайын қарны шығады ғой. Бәлкім анамның да жасы келіп қалған болар деп ойладым. Артынша анаммен сөйлестім. “Сіз жүктісіз бе? Әлде толып кеткенсіз бе?” деп күліп сұрадым. Ол кісі “Саған жақында тағы да бір іні сыйлаймын” деді. Одан бетер мен қызарып кеттім. Әкем мені көрген сайын жүзін төмен салбыратып, білдірмей жүретін. Бір-екі күн бір-бірімізге қарауға ұялып жүрдік.
– Олар тек сенен ғана ыңғайыссызданған шығар? Себебі, сен үйленгенсің. Ал 15-17 жастағы балалар керісінше қуанып жүрген болар?
– Иә, олар асыр салып, қуанып жүр. Әсіресе, інім “аға болатын болдым” деп жүр.
– Бақытжан, осы тұста ыңғайыссыздық тудырып отырған қоғамдағы ой-пікір шығар? Өзің іштей “Анамның келінімен жағаласып қатар босанғаны несі” деп те ойлап жүрген шығарсың? Неге ұяласың?
– Жас болған соң, үйге достарым көп келеді. Яғни біз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Соңғы кезде достарымның үйге келуі азайып кетті. Соған қарағанда анамның жүктілігі туралы білетін сияқты. Бір-екі бала “Сенің анаңның аяғы ауыр ма? Қарны шығып қалыпты ғой” деп те айтты. Одан кейін көңіл-күйім бұзылып, оларды үйге шақырғым да келмей қалды. Екінші жағынан, мен моральдық тұрғыдан дайын болмаған сыңайлымын.
– Биыл екі ұл бала дүниеге келеді. Екеуі қатар өседі. 4-5 жылдан кейін олар бірге доп қуып жүрген кезде бұл ұят мәселесі ұмытылады. Неге жақсы жақтарын ойлап көрмеске?
– Менің анам немересін жақсы көре ме әлде өзінің баласын жақсы көре ме? Соны түсінбей отырмын. Мені осы ой да мазалайды. Жүрегімде ешқандай қызғаныш сезімі жоқ. Бір шетінен, үйден бөлек шыққым келіп жүр. Осы нұсқаны да қарастырып көреміз. Өз басым мұндайға үйренбеген екенмін.
“Кейіпкердің қазір бірінші кезекте менмендігі сөйлеп тұр. Мұндайда жаңалықты қуанышпен қабыл алып, анасына қолдау көрсетуі керек деп ойлаймын. Бойындағы осы қасиетті жеңуі керек. Біраз уақыт өткен соң оның барлығы ұмытылады. Бұл сиуацияда жолдастарының емес, анасының жағдайы маңызды болуы тиіс”, – дейді психолог Лимана Құттыбекқызы.
“Екеуіне де бірдей қолдау көрсетіп жатырмыз. Анам бізден қысылып, не жақсы көретінін онша айтпайды. Әкем әлі сезімі тасып, үйде жүгіріп жүреді. Сонда да бір шетінен қысыласың. Өйткені ондай ортаға үйренбеген екенмін”, – дейді азамат.
Жіберіп алмаңыз:
Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады
Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты
Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға
Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты