Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы Мәскеуде сатпақшы болған бала әкесіне қайтарылды

Мәскеуде анасы 20 мың долларға сатуға тырысқан бала әкесінің қамқорлығына берілді. Өткен жылы 33 жастағы Қазақстан азаматы Алматыда отырып, әлеуметтік желіге жаңа туған баласына ата-ана іздеп хабарландыру жазған. Көкек ана сәбиін 20 000 АҚШ долларына сатамын, деген жарнама жариялаған.

Анасы Мәскеуде сатпақшы болған бала әкесіне қайтарылды

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ол ағымдағы жылдың сәуір айының басында сәбиін сатып алушыларға беру үшін Мәскеуге келді. Бірақ сол уақытта қазақстандық әйелмен кездесуі тиіс ата-ана болып  полиция қызметкерлері барған.

Баласын саудаға салған әйел олардың көзінше сәбиінен бас тарту туралы арыз жазып берген. Бірақ ол қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды. Содан кейін сәби Балалар үйіне орналастырылып, қазақстандық әйелдің үстінен адам саудасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Істі тергеу барысында қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған баланың әкесі табылды. Ол жауап алу барысында әйелімен ұзақ уақыт бойы бірге тұрмайтынын және баламен қарым-қатынас тәртібінде олардың арасындағы даудың бар екенін түсіндірді.

Талдау нәтижесінде баланың заңды өкіліне берілуіне және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға кетуге құқықтық кедергі келтірілмейтіні анықталды.

Оқи отырыңыз:

Сымы үзіліп, тежегіші істен шыққан: Ақтөбеде 150 лифтіні қолдануға тыйым салынды

Қостанайда жасөспірімдер сауда орталығына жарылғыш құрылғының макетін әкелген

Павлодарда баспанасы жоқ ана екі баласынан бас тартты

Қарағандыда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ ұсталды

Талқылау