Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелесуге дейін барғанын еске алды (видео)
Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жетістікке жетпес бұрын қандай жол жүріп өткенін видео арқылы жеткізуге тырысты.
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова баласының жетістікке жетпес бұрын қиын жол жүріп өткенін жиі айтып отырады. Тіпті, осы сөздерінің дәлелі ретінде ұлының өмірі жайлы фильм түсірген-ді. «Өкініш» атты туындыдан әншінің талай жанға жем болып, күйзеліске түскенін байқауға болады. Анасы осы қиын күндерді тағы бір мәрте еске алып, оны желіге жүктеген кішігірім видеосы арқылы жеткізуге тырысты.
Аталған видеода Қайрат Нұртастың мектеп қабырғасында жүріп ән салғаны, анасының баласын қорғамақ болып бейтаныс біреулермен арпалысып жатқаны, Прайм Плаза кешенінің алдында болған оқиға мен жетістіктері таспаланған. Мұнымен қатар, Гүлзира Айдарбекова видеоның тұсына «Жаралы жанның әні бұл» атты әннің мәтінін жазып қойған екен. Видеоны қарап отырып Гүлзира Айдарбекованың баласын қорғау үшін бейтаныс біреулермен арпалысып жатқанын көруге болады.
«Күндестік деген қоңырау соңымнан еріп əлі жүр.
Сынағы шығар əлі бұл,
Сабырмен күтіп соңында, жеңемін бəрін бəрібір.
Бұл менің сырым ақ қардай, ақпанда жауған мен үшін.
Оралмай өткен шақтарға, арқалап арман жеңісін.
Қайратым тасып жатқандай, ақ жүрек ана – сен үшін.
Жарқ етем əлі ақ таңдай, жеңілгендерім жеңісім!
Асулар алар алдымда, баспалдақ өмір əлі бұл.
Тілегін айтар ел барда, жүрегім айтар əлі жыр,
Жаратқан ием сен барда, жеңемін бəрін бəрі бір!» – деп жазылған видеоның тұсында.
Видеодағы көріністер көпшіліктің жүрегін қарып өткендей. Желі қолданушылары көріп отырып көздеріне жас алғандарын айтып, ақ тілектерін жаудырды. «Қайрат аға, керемет таланты әнші. Ол кісінің алдында басымды иемін. Өте еңбекқор», «Қайрат інім, мойыма! Ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың. Сен өзгелер секілді мақтаншақ емессің», «Көріп отырғандарыңыздай, Қайрат пен анасы көп қиыншылық пен еңбектің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Халайық, Қайрат пен анасы туралы ауыр сөздер жазып не керегі бар?! Олардың байлығы туралы неше түрлі әңгіме жазғанша, қолдау көрсетейік. Өнерін бағалайық!», «Алла жар болып, ұзақ ғұмыр берсін! Қайратым елімізді әлемге танымал етсін. Қайрат әнінсіз әлемде кеш өтпесін» дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова Жер кодексіне қатысты мәселеде президентті өзімен салыстырды
Шымкентте демалған Қайрат Нұртас ешкімде жоқ көлік мінді (видео)
Беларусь ақыны Қайрат Нұртасқа орысша ән айтуды ұсынды
Қайрат Нұртас пен Мәдина Сәдуақасова ауылдан шаштараз “ашты”