Таңғаларлық жағдай: Егіздердің дене түсі екі түрлі болып туылды (фото)
Иллинойседе қара нәсілді еркек пен ақ нәсілді әйелден терісінің түсі әртүрлі егіз қыз дүниеге келді. Бір қарағанда қыздарды егіз деп айту қиын. Олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Жер бетінде осындай жағдай әрбір 500-ші отбасының басында кездеседі екен.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Уитни Мейер бүгінде бейтаныс адамдарды қыздарының егіз екеніне сендіре алмай жүр. Бұған себеп те жоқ емес. Калани және Джарани Диннің терісінің түсі әртүрлі. Суретте Калани сол жағында, ал Джарани Дин оң жағында тұр.
Әйел 2016 жылы туған егіз қыздарын көрген кезде қатты таңғалғанын айтып жатыр. “Мен “Не себепті Каланидің терісінің түсі ақ?” деп сұрадым. Оның сіңлісіне не себепті ұқсамайтынын түсіне алмай қойдым”, – дейді әйел.
Калани мен Джарани – екі жұмыртқадан дүниеге келген егіздер. Олардың әрқайсысы әртүрлі сперматозоидтан пайда болған болуы мүмкін. Би-би-си мәліметіне сүйенсек, әртүрлі нәсілден құралған әрбір 500-ші отбасында осындай жағдай кездеседі. Яғни отбасында дүниеге келген егіздердің терісінің түсі әртүрлі болады.
25 жастағы Уитни Мейер – ақ нәсілді, ал сүйіктісі Томас Дин – афроамерикалық. Жоғарыдағы суретте Мейердің 7 жастағы ұлы да бар.
Анасы қыздарын бірдей киіндірсе де, бейтаныс адамдар оларды ешуақытта егіз деп ойламаған екен.
Джарани осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған ағасы Прэвинге ұқсайды.
“Мен оларға бірдей киім кидіретіндіктен, жұрттың назары бізде болады. Алайда ешкім де оларды егіз қыз деп ойламайды. Олар – маған Жаратқанның тарту еткен таңғажайып сыйы. Джарани марқұм ағасына ұқсайды. Джараниге қарап отырып Прэвинді көргендей боламын. Каланидің өте бұзық. Кіріспейтін жері жоқ. Ал Джарани керісінше бір орында отырғанды ұнатады және көп тамақ ішкенді жақсы көреді”, – дейді Мейер.
Жіберіп алмаңыз:
Жалаңаштаған модель Лондон көшелерімен жүріп өтті (фото)
Әйелі екіқабат кезде күйеуі оның құрбысымен төсектес болған
Ресейде порно фильмге түскен мұғалім дау-дамайдың ортасында қалды
Жыныс мүшесі 45 сантиметр болатын мексикалық сексуалды өмірі туралы айтты