Анасын өлтіріп, әжесін жарақаттаған: Ақтөбеде немересі шабуыл жасаған әйел ауруханадан шығарылды

Ақтөбеде өз немересінің пышақпен шабуылынан ауыр жарақат алған әйелдің жағдайы туралы дәрігерлер мәлімет берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2 желтоқсанға қараған түні 71 жастағы әже көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның мойны, жамбасы, иығы мен қолынан бірнеше рет пышақталғанын анықтаған.
Сонымен қатар қабырғалары сынған, кеуде қуысы мен іш қуысының жабық жарақаты тіркелген.
"Әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, жарақаттары тігілді. Ол сөйлей алмай, құлағы нашар естіді. 15 желтоқсанға қарай науқастың жағдайы жақсарып, өздігінен жүре бастады", – деді аурухананың бас дәрігері Қыдырбек Иманбаев.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауруханадан шығарылып, әрі қарай емін үй жағдайында жалғастырады.
"Ол күнді есіне алғысы келмейді": Ақтөбеде немересі пышақтаған әженің жағдайы белгілі болды
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде анасын бірнеше жерінен пышақтап өлтіріп, әжесін жаралаған оқушының тергеу изоляторына қамалғанын жаздық. Ол жауап алу кезінде өз әрекетін мойындаған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді