Анасын бейнебаянға түсірген Мәдина Сәдуақасова елді жылатты (видео)
Мәдина Сәдуақасова "Мама" атты бейнебаянының тұсауын кесті. Аталған клипке Мәдинаның өз анасы түскен. Сондай-ақ "Перзент" балалар үйінің директоры Әмина қажы Әжібаева, боксшы Жанқош Тұраров бой көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әсерлі әннің авторы – Сара Жүнісбек.
"Клипте актерлер жоқ, өмірдегі мамалар мен балалары. Қанша есейсең де, анаң үшін әрқашан кішкентай, ерке бала болып қала бересің.
Әмина апа үшін балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан әр бала, өз баласы, ал сол балалар қажы апаны өзінің анасы деп қабылдайды.
Клипке түскен барлық жандарға алғысымыз шексіз", - деп бөлісті Сәдуақасова желіде.
Тыңдармандар әншінің жаңа туындысын жылы қабылдап, алғысын жаудырды. Көпшілігі көзіне жас алғандарын атап өтті.
"Керемет клип! Туф, Мадина жылаттыңыз ғой! Өзіміздің анамыз жоқ болғасын, көңіліміз қатты босап кетті!", "Өте нәзік ән", "Әсерлі ән", "Бір жылап алдым, жүректебірентерлік ән екен", "Анамды еске түсіріп, бір жылап алдым", - деп жазды тыңдармандар.
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"