Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы өз салғырттығынан бір жыл ішінде екі баласынан айырылды

Ресейдің Оңтүстік Сахалинск қаласының тұрғыны бір жарым жылда екі баласынан айырылды. Әйел ұйықтап жатып баласын денесімен басып қалған.

Полицейлер баласының өліміне күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметінше, әйел ұйықтап жатып екі айлық баласын басып қалған. Бала тұншығып мерт болды.

"Облыс орталығының 26 ​​жастағы тұрғыны Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабының бірінші бөлігінде көзделген “Абайсызда өлімге әкелу” бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлайды облыстық тергеу басқармасы.

Бұл туралы Ресей комитеті мәлімдеді. Комитетте айтылғандай, күдікті екі айлық баласымен диванда ұйықтаған. Әйел ұйықтап жатып нәрестені денесімен басып қалады. Нәрестенің өліміне "кеуде мен іштің қысылуынан болған механикалық асфиксия себеп болды. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатқанда, әйелден ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып алды.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың қаңтарында күдікті осыған ұқсас қылмысы үшін шартты түрде жазасын алған. Ол екі қызын суға толы ваннаға қараусыз қалдырып, өзі кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін қайтып келгенде 2018 жылы туған қызының ессіз күйде жатқанын көреді. Ол кезде де жедел жәрдем қызметкерлері қыз баланың тұншығып мерт болғанын мәлімдеді. 


Талқылау