Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамды ешкім тастаған жоқ": Ақан Сатаевтың қызы әкесін жақтап шықты

Айиша Сатай әкесін жақтап шықтыФото: https://www.instagram.com/iii.vsv.xi

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың қызы Айиша Сатай әлеуметтік желідегі парақшасында анасының сұхбатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің қызы асығыс қорытынды жасайтын, өз ойынан қосып, қиялға берілетін адамдардан қатты көңілі қалғанын жазды.

“Әсіресе, өзгенің отбасын талдап, ата-анам туралы сан түрлі аңыз ойлап табуға уақыты бар адамдардың өз өмірі қызықсыз әрі мазмұнсыз секілді көрінетіні қатты қынжылтады. Бала кезімнен арандатуға жауап бермеуге, ештеңені дәлелдеуге тырыспауға үйренгенмін. Алайда әкем мен анамның абыройына нұқсан келгенін үнсіз бақылап отыра алмаймын”, – деп жазды ол.

Айиша Сатайдың сөзінше, анасы Назира Бақаеваны ешкім тастап кетпеген. 

“Анамды ешкім “тастап кеткен” жоқ. Оған өзі таңдаған төрт бөлмелі пәтер сыйланды. Ол – ересек адам және қай жерде өмір сүруді өзі шешеді. Ешбір ересек адамды күштеп ұстап тұру мүмкін емес”, – деп жазды ол.

Ол сондай-ақ ата-анасының ажырасуына да, қашықтыққа да қарамастан анасымен жылы қарым-қатынасы сақталғанын жеткізді.

“Анаммен қарым-қатынасымыз үзілген жоқ”, – деп жазды ол.

Ол әкесі анасын ерекше құрметтейтінін алға тартты.

“Әкем анама “міндет” болғандықтан емес, құрметтегендіктен көмектеседі. Анаммен жанжалдасып қалған сәтте, ешқашан анаңа ауыр сөз айтпауымды, ол әрқашан менің анам болып қалатынын айтқан еді”, – деп жазды ол.

Режиссердің қызы анасымен де, әкесімен де бірге тұрып көргенін айтты. Оның сөзінше, өзге адамдармен бірге тұру анасының шешімі болған.

“Мен белгілі бір уақыт бойы анаммен бірге тұрдым. Бірақ оған өзге адамдармен бірге тұрған ыңғайлы, бұл оның шешімі. Бұл әкеме де қатысты. Мен әкеммен бірге тұрдым, ал анам ол үйде тұрудан бас тартты. Ал ата-ананың үйінде кім тұратыны ересектердің шешімі”, – деп жазды ол.

Айиша Сатай ересек адамдардың қарым-қатынасына өзгелердің араласуға құқығы жоқ екенін алға тартты. Айтуынша, бұл – ата-анасының шешімі.

“Мен ата-анамды жақсы көремін және ешкімді қинап ұстай алмаймын. Өзге адам туралы теріс пікір жазудан, оны талқылаудан немесе қате шешім шығарардан бұрын, адамның абыройы ойыншық емес екенін еске алыңыздар. Кез келген сөз сұралады. Осымен бұл тақырып жабылсын”, – деп түйіндеді ол.

Айиша Сатай әкесін жақтап шықтыАйта кетейік, бұған дейін Назира Бақаева 25 жыл отасқан Ақан Сатаевпен ажырасуына актриса Альмира Тұрсын себеп болғанын айтып, сұхбат бергені хабарланған еді.

Кейінірек Ақан Сатаев бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 05 Қаңтар, 2026 14:20