Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аналарға берілетін жәрдемақыны көпсінген Әбілқасымова ақтала бастады

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова бұған дейін алтын құрсақ аналарға берілетін жәрдемақыны көпсініп, жұрртың сынына ұшыраған еді. Осы жайттан кейін ол өз сөзін түсіндіріп бермек болды. Алайда ақталмақ болған министрдің негізгі ойы сол қалпында сияқты.

Мадина Әбілқасымова

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Әр анаға ай сайын өмір бойы 16 мың 160 теңге жәрдемақы төленіп отыр», – дейді министр.

Мұндай сома жәрдемақы алып отырған аналардың жыртығына жамау бола алмайтыны анық. Бұған дейін Әбілқасымова алтын құрсақ аналардың өмір бойы алатын қаржысы бірнеше миллион болады деген еді. Алтын алқаны 30 жастан кейін алады десек, одан бері қарай 16 мың теңгеден есептегенде, 10 миллион теңгеге жетер-жетпес ақша шығады. Бұл ақшаға Астанадан бір бөлмелі пәтер алудың өзі қиын.

Ал министр өзге елдерде мұндай жәрдемақы жоқ екенін айтып, «осыны қанағат етіңдер» дегендей болды.

Ал астаналық тұрғындар бүгінгі таңда көпбалалы аналарға 16 мың теңге жәрдемақының өзі аздық ететінін айтуда.

«Аз, өте аз. Бір балаға да жетпейді. Әр балаға берілуі тиіс деп ойлаймын», «16 мың теңге не болады? Ол жұмыс істемейтін адам», – дейді тұрғындар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау