Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концертінде ән мәтінін ұмытқан Керменбаев мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді

10 жылдық мерейтойында жанды дауыста шырқаған Нұржан Керменбаев, әндерінің мәтінін жаттап үлгермеген. Алайда, қара бала бұл олқылығына еш қымсынбайтын көрінеді. Неге? Себебін серінің өзінен сұрап көрдік!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Концерттік бағдарламасының көпшілігі ескі әндерден құралғанымен, Қапқарашка бұл кеште бірнеше тың тректің тұсауын кескен болатын. Бірақ, жанды дауыстағы шоу болғандықтан, әнші жаңа туындыларының мәтінін жаттап үлгермепті.

“Әртіс партитураға қарап тұрып, ән айту ол жаңалық емес негізінде. Оны бір кемшілік тұсы деп айта алмаймын. Это норма деп айтамын”, – дейді Нұржан.

Қара баланың бұл жай-күйін, кезінде Халық әртісі Жүнісова да бастан кешкен. Бірақ, сахнада әнінен жаңылса Мақпал ханымның ақындық шабыты оянып, импровизацияға ерік беретіні бар екен.

“Менде ондай болды. Бірақ, мен сахнада тоқтаған жоқпын. Басқа бір сөзді қосып жібере салдым. Менің ондай суырыпсалмалығым бар. Мен айтып келе жатқан кезде сеземін, сөздің ойыма келмей тұрғанын”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Кенжебек те кей әннің сөзін жаттап үлгермейтінін жасырмайды. Сондықтан, Жанәбілов Қара баланың жағдайын жақсы түсінемін дейді.

“Бір ғана ән емес қой оның репетуарында. Бірнеше ән. Оның бәрін миға сақтау деген мүмкін емес қой. Жаңа әннің сөзін бірден жаттау деген мүмкін емес. Енді, бұрыннан миына сіңіп салған әндерді де, ұмытып қалу болады”, – дейді Кенжебек.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан: Қалайда бай табуым керек

Бақытбек Есентаевтың қарындасы көңілге мұң ұялататын естеліктерімен бөлісті (фото)

«Алматы аруы-2016» Қазақстан атынан «Дүниежүзі аруы-2017» байқауында қатысады

Әпкеме жездем сай: Сивиді масқаралаған қара PR-дің авторы әншінің өз күйеуі болып шықты (видео)

Талқылау