"Амилай сияқты": Желіде блогер жігіттің киім үлгісі жұртқа жақпай қалды

Желіде үй тазалап жүріп, үлкен компанияның директоры болған кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет ерекше образда видео жариялап, жұрттың ашуын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл кейіп тек көңіл көтеру мақсатында жасалғанын айтып, оқырмандарынан теріс ойламауды өтінді.
“Жай ғана образ ғой, достар, жаман ойлап қалмаңыздар”, – деп жазған ол.
Дегенмен блогердің видеосы желі қолданушыларына жақпай қалған көрінеді.
“Жаман ойлаған бергі жағы, жерге кіріп кеттік”, “Осылай Амилай боп кетпесін бұл да”, “Осыған қой дейтін ағайын бар ма?”, “Ұят-ай”, “Мұның дұрыс болмады”, “Үй жинағаның жақсы еді, Алла жеңілдігін берсін”, “Келесі жолы ер адамдардың образын таңдашы”, “Бұл енді артық”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін айына 20 миллион теңге табатын жас кәсіпкер Нұрхан Нұрмұханбет отбасын айтып, жылап қалғаны хабарланған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан