Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық журналистер Виктор Храпуновтың былықтарын ашуға белсене кірісті

АҚШ-та Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа қатысты тексеріс жалғасып жатыр.

2017082109233124685_400184

Бұл туралы New.ia-centr.ru хабарлайды.

Қазақстанда жемқорлық бабы бойынша оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Жемқорлық жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыптаулармен оған халықаралық іздеу де жарияланған. Қазіргі кезде оның есімі экс-банкир Әбілязов ісі бойынша да жиі аталып жатыр.

Америкалық журналистердің зерттеуінше, Храпунов жемқорлық дауына АҚШ-та да іліккенге ұқсайды. Жақында ғана «McClutchy DC Bureau» сайтында оның Әбілязов екеуінің бірлесе отырып ақша ұрлағаны туралы ақпарат пайда болды. АҚШ аумағында Әбілязов-Храпунов жұбының ақшаға ие болуына біраз америкалық бизнесмендер көмектескен. Есесіне қазақстандық алаяқтар әлемнің өзге елдерінде әлгі америкалық бизнесмендерге көмектерін аямапты.

Әбілязов пен Храпуновтың құдандалық қарым-қатынаста екені де бұрын айтылған. Осы жылдың көктемінде АҚШ-тың тоғызыншы округтік соты Храпунов ісін қарауды қолға алыпты.

Бұған дейін Дональд Трапмтың бұрынғы серіктесі Феликс Сатер Храпуновтар отбасының АҚШ-та бірнеше компанияны инвестициялауға көмек бергенін баяндаған болатын. Олардың ішінде «Trump Soho» орталығы да бар. Ал қазір экс-әкім Швейцарияда бақуатты, жайлы тұрмыс кешіп жатыр. Әйелі Лейланың айтуынша, Храпунов мемуар жазып жатыр екен.

Оқи отырыңыз:

Марк Цукерберг декреттік демалысқа кететінін мәлімдеді

Перзентханадағы лифтке қысылып қалған жүкті әйелдің денесі екіге бөлініп кетті (фото)

Иесі Құран кітабын үйге айырбастайтынын айтып хабарландыру жазды

Полицей: Педофил мен шалбарын көтеріп жатқан баланы көргенде әлем көз алдымда жойылып кетті (видео)

Талқылау