Қызғаншақ жігіт өзге еркектермен сөйлескені үшін сүйіктісін көшеде тыржалаңаш жүргізіп қойды
Америкалық жігіт бұрынғы сүйіктісін жазалау үшін оны көше бойымен тыржалаңаш жүруге мәжбүрлеген. Мойнына пышақ тақап, қоқан-лоққы көрсеткен жігіт адамшошырлық әрекетке қызғаныштан барған. Ол тіпті, жазаның ауыр түрін “кесерде” қақаған қыстың аязына да қарамапты.
Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Мойнымнан ұстап алып, қорқытты. Бұдан кейін көшеге киімсіз шығуға мәжбүрледі. Артынша телефонын шығарып, мені таспаға түсіре бастады. Мені жеңіл жүрісті әйел деп атап, неше түрлі балағат сөздерін жаудырды”, – дейді жәбірленуші.
Мело есімді жігіт экс-сүйіктісін бірнеше сағат бойы қорлаған-ды. Ол мұндай қадамға қызғаныштан барған. Айтуынша, ол әйелдің өзге ерлермен СМС арқылы сөйлескенін біліп қойған.
Сондай-ақ, 26 жастағы жігіт тастан жасалған Будда ескерткішімен әйелді ұрмақшы болғаны анықталды. Бұл жантүршігерлік көріністі экс-ғашықтардың 2 айлық қызы “тамашалап” отырған-ды.
“Мен сенімен отбасын құрамын деп жүргенде өзге жігіттермен сөйлестің. Мен сол кезде қалай ұялсам, сенің де солай масқараң шықсын”, – деген жігіт әйелді тырдай жалаңаш қос автокөліктің ортасына тұрғызып қойған.
“Алайда мен олармен жақындасқан жоқпын”, – деп ақталған әйелдің жан айқайын ешкім естімеді.
Полицияның қолына түскен кезде Мело: “Мен оны ұрған жоқпын, шашынан тартқан жоқпын”, – деп ақталуға тырысқан.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, жігіт бірнеше жылға абақтыға қамалуы мүмкін.
30 жастағы мұсылман азаматы екі жыл ішінде 26 мың әйелге көмек көрсеткен