Америкалық жазушы Қазақстанды екі ай жаяу аралап шығуға бекініп отыр
Америкалық журналист әрі жазушы Пол Салопек екі ай ішінде барлық Қазақстанды аралап шығуды көздеп отыр. Сәйкесінше саяхаты туралы “National Geographic” журналына жарияламақ.
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
Америкалық сәрсенбі күні Астанада “National Geographic Kazakhstan” журналының елімізде жарық көруіне орай өткізілген шараға қатысты. 2013 жылы саяхатшы Эфиопиядан өз саяхатын бастаған. Өз есебі бойынша ол 2020 жылы жалпы 35 мың шақырымды артқа тастауы тиіс.
“Әдетті бір ел туралы жазу үшін журналистер әрі кетсе екі аптасын жұмсайды. Үлкен қалаларға келіп, көліктерге мініп өз пікірін жазады. Ал мен жаяу жүрмекпін. Түнде жергілікті адамдардың үйлеріне, тіпті мешіттерге де тоқтап қонған кездерім болды. Әрине екі ай тым көп уақыт емес, бірақ мен осы аралықта біраз нәрсе байқаймын деп ойлаймын”, – деді Салопек кездесуде.
Салопек Қазақстанда бірнеше қалаларда және шөл дала мен ауылдық жерлерде де болмақ. Ол ғалымдармен, аңшылармен, мұнай жөніндегі мамандар және балалармен кездесіп әңгімелеспек.
“Қазақстанда қатып қалған қандай да бір қағида жоқ. Бұл тек ежелгі жібек жолы бойындағы орналасқан ғана қала емес, мұнда жаһандану мәселелері бойынша да бірқатар проблемалар бар. Мен жаяу саяхаттағандықтан асықпай тоқтап мейлінше көп ақпарат алуға тырысамын”, – деді ол.
Әзірге журналистің нақты бағыты белгісіз. Барлығы ауа-райына байланысты өрбімек.
“Мен өз қадамымы есептедім. Менімше ол 35 миллион. Менің саяхатым бастапқыда 7 жылға есептелген, бірақ жағдайдың қиындауына байланысты менің барлық саяхатымды қосқанда 10 жыл уақытымды арнаймын”, – деді журналист.
Пол Салопек екі мәрте Пулитцер сыйлығымен марапатталған. Ол бірнеше жыл Африкадағы, Таяу Шығыстағығ Орталық Азия және Балқан түбегі мен Латын Америкасы елдерінде шетелдегі тілші болып қызмет атқарды.